Қазақстан мен Германия көлік дәліздері мен халықаралық логистиканы дамытуды талқылады
Қазақстан мен Германия арасындағы сауда-экономикалық серіктестік жаңа деңгейге көтерілуде. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары — Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мен Германия Елшісі Хайке Пайчтың жақында өткен кездесуінде халықаралық көлік бағыттары мен өнеркәсіптік кооперацияны дамыту басты тақырыпқа айналды.
Бизнес пен логистикалық қоғамдастық үшін екі ел арасындағы ынтымақтастықтың іргетасы берік:мемлекеттер арасындағы тауар айналымы $4,5 млрд-қа жетті (өткен жылы 13,4%-ға өсті), ал 2005 жылдан бері салынған неміс инвестицияларының жалпы көлемі $8 млрд-тан асты. Елімізде неміс капиталының қатысуымен 1100-ден астам компания, соның ішінде Knauf, CLAAS, HORSCH және Heidelberg Materials сияқты ірі кәсіпорындар табысты жұмыс істеп жатыр. Бұл сапалы жеткізілім шынжырларына тұрақты әрі өсіп келе жатқан сұранысты қалыптастырады.
Кездесуде логистикалық шынжырларды диверсификациялауға ерекше назар аударылды. Серік Жұманғарин атап өткендей, Орталық Азияның көліктік байланысының болашағы көбіне жаңа бағыттарды, соның ішінде оңтүстік бағдарларды дамытуға байланысты. Тараптардың назарында Ауғанстан арқылы Пакистан бағытына қарай теміржол құрылысының жобасы бар, бұл бойынша бұған дейін Қазақстан, Өзбекстан және БАӘ өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойған болатын.
Өз кезегінде неміс дипломатиялық миссиясы Германия мен Еуропалық Одақ Орталық Азияны еуропалық және азиялық нарықтарды тоғыстыратын стратегилық хаб ретінде қарастыратынын растады. Сонымен бірге ынтымақтастық келешегі тек теміржол тасымалын ғана емес, цифрлық коммуникациялар мен энергетикалық инфрақұрылымды дамытуды да қамтиды.
SCALEX Astana 2027 — халықаралық логистиканы дамыту алаңы
Талқыланған мәселелер логистика және жеткізілім шынжырлары бойынша халықаралық форум — SCALEX Astana 2027 тақырыбымен тікелей байланысты. Форум жүк иелерін, логистикалық операторларды, экспедиторларды, өндірушілерді, технологиялық шешімдерді жеткізушілерді, инвесторларды және мемлекеттік құрылымдардың өкілдерін бір алаңда тоғыстырады.
Іскерлік бағдарламаның орталығында — Орталық дәліз бен Транскаспий халықаралық көлік бағытын (ТХКБ) дамыту, мультимодальды тасымалдар, логистикалық хабтар, қойма инфрақұрылымы, цифрландыру және жеткізілім шынжырларын басқарудың заманауи технологиялары.
SCALEX Astana 2027 форумы Comtrux Astana, Bautrux Astana және AEREX Astana халықаралық көрмелерімен бір мезгілде өтіп, бір алаңда логистика, көлік, құрылыс және технология салаларының өкілдерін біріктіреді.
Форум салалық шешімдерді ұсынуға, тәжірибе алмасуға және Қазақстан мен шет елдердің нарық қатысушыларымен жаңа іскерлік байланыстар орнатуға үлкен мүмкіндік береді.
Күні: 9–11 маусым 2027 жыл
Өтетін орны: EXPO халықаралық көрме орталығы, Астана, Қазақстан